Bugin

Семейде 14 жастағы қыз зорлық-зомбылық құрбанына айналды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Семей қаласында 14 жастағы қыз жыныстық зорлық-зомбылық құрбанына айналды.  Күдікті - 18 жастағы жігіт.

Бұл жөнінде қоғам белсендісі Дина Таңсәрі Facebook-тегі парақшасында жазды. Дерекке сүйенсек, оқиға 2022 жылы әлеуметтік желі арқылы танысудан басталған. Кейін ер адам оны үйіне шақырып, арам пиғылын іске асырған көрінеді. Жыныстық қатынастан бұрын қыз оған 14 жаста екенін ескерткен. 

Енді тергеу жұмыстары басталғанда әлгі 18 жастағы азамат жасөспірімнің кәмелет жасына толмағанын білмегенін айтып ақталуда. Тіпті жергілікті полицейлер істің тонын айналдырып, жігітті қылмыстан құтқару үшін қыз баланың абыройын шашқан. Яғни жасөспірімнің жалаңаш суретін әлеуметтік желіге жариялап жіберген.