ДАМУ

Демалыста көруге арналған үздік 3 фильмді білесіз бе?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Bugin.kz порталы демалыста көруге арналған қылмыс туралы 3 фильм ұсынады.

"Өкіл әке" / "Крестный отец" – режиссер Фрэнсис Форд Копполаның қылмыстық драмасы.
Басты рөлдерде Марлон Брандо мен Аль Пачино ойнайды. 
Фильмде Нью-Йорк қаласында тұратын өз заңдары бар сицилиялық мафия Корлеоне отбасы туралы баяндалады. 
Дон Корлеоне бизнесті ескі ережелер бойынша жүргізеді. Осы арада қалыптасқан тәртіпті өзгерткісі келетін адамдар да пайда болады және Дон Корлеонеге қастандық жасалады.

"Леон" / "Леон" — Люк Бессон түсірген, Леон есімді кәсіби кісі өлтіруші туралы француз фильмі.
Бас кейіпкер Леон күтпеген жерден отбасын жемқор полицейлер өлтірген 12 жастағы көрші Матильдаға көмектесуді шешеді. Оның отбасындағы шытырман оқиғаға араласады. Леон Матильдаға кісі өлтіру әрекеттерін үйретеді.

"Кісі өлтіру туралы естеліктер" / "Воспоминания об убийстве" 

Фильм шынайы оқиғаға негізделген. 1986—1991 жылдары Оңтүстік Кореяның Хвасон провинциясындағы 10 әйелді өлтірген кісі өлтіруші туралы баяндалады. Одан бөлек сол кездегі Оңтүстік Кореядағы қатыгездік, қоғамның ыдырауы, кедейлік және жергілікті құқық қорғау органдарының біліксіздігі көрсетіледі.