Bugin

Қазыбек Иса: "Сепаратизммен күрескен Марғұлан Боранбай түрмеде отыр"

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса kaztag.kz журналистеріне петропавлдық сепаратистермен болған жанжал туралы айтып берді.

«Резонанс басталғанға дейін құқық қорғау органдары қайда қарады? Бұл ретте сепаратизммен шындап күрескен Марғұлан Боранбай қазір түрмеде отыр. Сепаратистік идеологияны тарататын ақпарат құралдарына тыйым салу керек. Біз Петропавл мен Павлодардың тарихи атауларын қайтаруды бірнеше рет талап еттік, осыдан кейін билік бізге жау ретінде қарады» деді ол.

31 наурызда Солтүстік Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі желіде кеңінен резонанс тудырған, «Еңбекшілер халық кеңесі» белсенділері Қазақстан Республикасынан тәуелсіздік алғанын жариялаған видеоға қатысты жауап берді.

Кейін резонанс тудырған видеоға қатысты Бас прокуратура мен Қазақстан халқы Ассамблеясы мәлімдеме жасады.

Сәуірдің 2-сі күні Қазақстанның тәуелсіздігін жариялаған резонансты видеоға қатысушылар мәлімдеме жасады.