Әлем

Тайландта ішімдік ішіп, бұзақылық жасаған қазақстандық турист ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Тайландта ішімдікке мастанып, артынша есірткі шеккен қазақстандық азаматты ұстады деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

 

Қазақстандық туристтің ұсталғаны туралы Thairath хабарлады. Ақпаратта ер адамның теңіз жағалауында тәртіп бұзғаны айтылады. Яғни ол жағалаудағы адамдарға тиісіп, қонақ үй ауласына, мейрамханалар ішіне кіріп алып, қолына түскен затты қиратқан. 

Ер адамның есінен адасқаны жайлы хабарлама полицияға 9 сәуір күні кешкі мезгілде түскен екен. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары туристті ұстауға тырысқанда ол теңізге қарай қашып, су ортасындағы кішігірім тасқа отырып алған. 

Полицейлер оны зорға көндіріп, бөлімшеге алып кетеді. Белгілі болғандай азамат ащы судан ұрттап, артынша есірткі шеккен. Белгілі болғандай ер адам барлық келтірілген залалды толықтай өтеуге уәде берген.