Bugin

Маңғыстаулық оқушылар республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңіске жетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ақтаудағы NIS оқушылары Нұрлыбек Оңдаған және Мырзаәлі Асанов жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында жеңімпазы атанды.
Республикалық ғылыми жобалар байқауында оқушылар «Техника» секциясы бойынша жобаларын қорғап, жүлделі І орынға ие болды.
Нұрлыбек пен Мырзаәлінің зағип жандар үшін ойлап тапқан «DolphEYE» көзілдірігі үздік жобалар қатарынан көрінді.
 Статистикалық мәлеметтерге сүйенсек әлем қоғамында 300 миллионнан астам көру қабілетінен айрылған жандар өмір сүреді. «DolphEYE» деп аталатын көзілдірік зағип жандардың күнделікті өмірінде туындайтын қолайсыздықтардың алдын алады. Бұл көзілдірік зағип жанға А нүктесінен Б нүктесіне кедергісіз жетуіне мүмкіндік береді.
- Әр ғылыми зерттеудің басты мақсаты қазіргі таңдағы қоғам мәселелерінің алдын алумен не шешуімен ұштасуы керек. Сондықтан, былтырғы жобам қоғамдағы «кішкентай адамдар» жайында болса,  кезекті жобам зағип жандардың күнделікті өмірдегі қолайсыздығының алдын алуға бағытталды. Жетекшіміз Ибалы Талғатқызының қолдауымен жүзеге асқан «DolphEYE» көзілдірігі, әлемнің зағип жандар қоғамына үлкен көмегін тигізеді деген сенімдемін,- дейді жоба авторы Нұрлыбек Оңдаған 
Жоба авторы Мырзаәлі Асановтың айтуы бойынша зағип жандарды қоғамнан алыстатып алмау, олардың комплекс мәселесіне бейжай қарамай, қоғамда қолайлы өмір сүруіне мүмкіндіктер жасау мақсатымыз дейді.
- Жобаның техникалық бөлігін қүрайтын «Аrduino» платформасының көмегімен, көзәйнек дыбыс толқындарын жіберу арқылы көру қабілеті нашар адамның алдындағы кез-келген кедергіні анықтап, оған белгі береді. Бұдан бөлек құрылғыда Bluetooth толықтыруы арқасында ұялы телефонға жалғанып, қолданушыға қаланың картасын ашып, А нүктесінен Б нүктесіне маршрут құру мүмкіндігі бар. Ал, 3D принтер арқылы басып шығарылған жақтау «DolphEYE» - дың қанқасын қарапайым көзілдірікке ұқсатады, осының арқасында зағип адамның қоғам өміріндегі денсаулық ерекшелігіне байланысты қысымнан айырады, - Мырзаәлі Асанов 
Аталмыш жоба Астана қаласында өткен Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндерден желілік ғылыми жобалар байқауында физика бағыты бойынша «DolphEYE» жобасы  үздік деп танылып, бірінші орынды иеленсе, елордада өткен  респубикалық «Биомедицина, инженерия және технологиялар» ХII Наурыз кездесулерінде екінші орынға ие болды.