Спорт
«Реал Мадрид» сапындағы өзгерістер
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Соңғы бірнеше ойын қатарынан жеңілістың ғана дәмін татып жатқан Мадридтік «Реал» командасында өзгеріс болуы ғажап емес. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.
Тек «Реал» командасының ғана емес, әлемнің ең үздік қорғаушысы әрі шабуыл шепінде де мықты өнер көрсететін Марсело өзінің командадан кететіні туралы басшылыққа ескерткен.
«Ювентус» клубында өнер көрсетіп жүрген, бұрынғы «Реал» командасының сұр мергені, әлемнің ең үздік шабылушысы Криштиану Роналду кететін кезінде Марселоны өзімен алып кету ойында болғаны туралы біраз ақпарат тараған болатын. Соған қарағанда ақпарат расталып келе жатқан секілді.
Бразилиялық қорғаушы қыста басқа клубта өнер көрсететін болады. Ол «Ювентус» болса, таң қалмаңыз.
Ал «Реал» жаңа ойыншыға зәру ме?
«Лос-Анджелес Гэлакси» командасының шабылушысы Златан Ибрагимович «Реалға» келуі мүмкін деген сыбыс шықты. Бұл туралы исландияның Cadena COPE радиостанциясы жария етті.
Егер ақпарат расталып, ауысу мәселесі қарастырылса, қаңтар айынан бастап Златанды «Реал» сапында көруіміз бек мүмкін.