Bugin

"Қазақ қыздары қарсы": Шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққандарға салық төлете ме?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бұл туралы Манас Найзабеков фейсбуктегі парақшасында жазды деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

"Қарақат Әбденді депутаттық мандатынан айыру керек" деген бір топ қазақстандық азаматтар петицияға қол жинап жатыр. Белсенділер Қарақат Әбденнің "шетел азаматтарына тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына салық төлету қажет" деген ұсынысы ақылға қонымсыз дейді. Өйткені бұл адамның конституциялық құқығын шектеу деп наразы. Ал қоғамда резонанс тудырған мұндай ұсынысты естіген қаракөздеріміз болса егер заң күшіне енсе, азаматтық неке көбейеді дейді.
Соңғы жылдары шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан каракөз қыздардың қатары артып келеді. Бірі қарадомалақтар қатарын көбейтсе, енді бірі түрік, араб пен кәріске келін атанды. Еліміздің мәжілісмендері осыдан да ақша жасауға бекінгендей. Шетелдік азаматқа тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына салық төлету керек деп отыр. Бұл ұсынысты бұған дейін де айтып келген жаңа депутат Қарақат Әбден енді заң жобасы ретінде ұсынбақ ниетін жеткізді. Алайда, мәжіліс депутатының бұл бастамасы қоғамда резонанс тудырды. «Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі бастаған белсенділер депутатты мандатынан айыру керек деп, петицияға қол жинауға кірісіп кетті. Қарсы шыққан қазақстандықтар қазақ қыздарының конституциялық құқығын шектеу дейді.
ӘЙГЕРІМ ҚҰСАЙЫНҚЫЗЫ, Заңгер:
– Қарақат Әбденнің ұсынысын қолдайтындардың көбісі олар қазақ қыздарының құқығы, ол кімді сүйді, кімді таңдады, ол неліктен шет елдік азаматты таңдады деген сұрақ қоюдың орнына, шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қызы қазаққа төнген қауіп. Сол үшін одан барынша пайда тауып қалып, қазынаға ақша түсірейік деген мирконтильді, фискалдық сипаттағы ойлары орынсыз деп есептеймін
Салық төлеуге өзге елге келін атанған қаракөздер де қарсы. Солардың бірі Сағыныш Назар. Өмірлік серігі ретінде түрік ұлтының азаматын таңдаған ол қазір Анадолы қаласында тұрады. Қазақ қызы ұсыныс ақылға қонымсыз, депутаттар оның орнына бұдан да маңызды заңдарды талқылағаны жөн дейді.
САҒЫНЫШ НАЗАР, Шетел азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы:
– Егер дәл осы заң күшіне енетін болса, онда қазақ қыздары басқа ұлтқа тұрмысқа шыққанда ресми неке емес, азаматтық неке саны көбейеді. Ақылға қонымсыз мұндай заңды алып келіп, мәжілісте талдау немесе басқа жақта талдау.
Дегенмен, Қарақат Әбденнің өзі петицияға қарсы пікір білдірген жоқ. Бір күн бұрын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында көтерген ұсынысына қатысты жазба қалдырған. Онда депутат бұл бастама еліміздегі демографиялық жағдайға байланысты туындағанын жеткізген. Қарақат Әбденнің ойынша, азаматтарымыздың шетелге кетуі онсыз да халық санының көптігімен мақтана алмайтын еліміз үшін қауіпті үрдіс.
ҚАРАҚАТ ӘБДЕН, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
– Бір қуантарлығы біздің қоғам өзінің азаматтық позициясын білдіріп, еліміздегі түрлі бастамаларға үн қоса бастады. Бұл белсенділік билік пен халықтың арасындағы ашық диалогтың құрылуына, соған сәйкес еліміздің дамуына игі ықпал етеді деп ойлаймын. Демек, алдағы уақытта шетелдіктермен некелесуге салық енгізу жөнінде мәселе мен үшін өзекті емес.
Ал, белсенділердің айтуынша, дәл осындай заң жобасы 2013 жылы Түркменстанда мақұлданған. Содан кейін еліміздің депутаттары да мәжілісте талқылаған дейді. Араға 10 жыл салып, сол ұсыныстың қайта жаңғыруы бекер емес деп күмәнданады", - деп жазды парақшасында.