Саясат
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы тағы да ескертті. Бұл туралы ол Fox News-ке берген сұхбатында айтты.
Оның айтуынша, АҚШ билігінің қабілетсіздігі жаңа қақтығысқа қауіп төндіреді. Трамптың пікірінше, қазір адамзат тарихтағы ең қауіпті уақытта өмір сүріп жатыр.
"Қару-жарақтың арқасында қазір біздің еліміздің тарихындағы және әлемдік тарихтағы ең қауіпті кезеңді өткеруде. Ал АҚШ-тың басшылығында қабілетсіз адам отыр",-деп қорытындылады АҚШ экс-президенті.
9 сәуірде Трамп жаһандық қақтығыстың басталғанын мәлімдеп, әлеуметтік желідегі парақшасында "үшінші дүниежүзілік соғыс" деп жазды. Ол бұған дейін АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байденнің басшылығымен басталуы мүмкін үшінші дүниежүзілік соғыс қаупі туралы хабарлаған болатын. Трамп сонымен қатар Мемлекет басшысы болып сайланған кезде жанжалдың алдын алуға уәде берді.
Ұсыныстар мен байланыс үшін
8 705 324 11 61