Bugin

Риддер қаласының әкімі қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды. БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ол ауруханада (жүрегі тоқтаған) бақилық болған.

Дмитрий Анатольевич Горьковой 1983 жылы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.

2007 – 2014 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет еткен.

2015 – 2020 жылдары Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болған.

2020 жылдан бастап Риддер қаласының әкімі болды.