Спорт

Шавкат Рахмонов UFC-дегі көшбасшы атағынан айырылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов (17-0) мерзімінен бұрын қол жеткізген жеңіс саны бойынша қазіргі UFC файтерлері арасында көшбасшы болмай қалды.

Рахмонов бұған дейін қатарынан бес рет жеңіске жеткен, бірақ қазір оны ресейлік файтер Сергей Павлович (18-1) басып озды.

Павлович қатарынан алты мәрте айқасқа шығып, алтыншы жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңімпаз атанды, бұл ретте ол барлық жеңістеріне бірінші раундта-ақ қол жеткізген.

Шавкат Рахмоновқа келсек, ол UFC-дегі бес жекпе-жегінде Алекс Оливейра (24-13-1), Мишель Празерис (27-4), Карлстон Харрис (17-5), Нил Мэгни (27-10) және Джефф Нилді (15-5) жеңген.

Рахмонов UFC-де жартылай орта салмақтағы ең перспективалы спортшылардың бірі саналады.

Сондай-ақ Шавкат Рахмоновтың әпкесі Сора Рахмонованың NAIZA 51 турнирінде өнер көрсетіп, онда ресейлік чемпион Валерия Карыгинамен жұдырықтасатыны хабарланған болатын.