Bugin

"Тазалық өмірден қымбат па?": тұрғынның 17-қабат терезесін жуған видеосы талқыға түсті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Желіде ешбір сақтандырусыз сырттағы тар терезе алдында 17-қабаттан терезе жуып жатқан астаналық әйелдің видеосы тарап, қызу талқыға түсті.

Көпқабатты үйдің 17-қабатында терезе жуып жатқан қыздың видеосы әлеуметтік желіде жылдам тарап, халықтың наразылығын тудырды.

Желі қолданушыларының бірі тұрғынды тазалық компаниясының қызметкері деп ойласа, енді бірі бұл пікірге қарсы шықты. 

"Тазалық компаниясының қызметкері емес. Олар терезені арнайы құралдармен сүртеді. Бұлай қауіпті жерге шығып алмайды”, “Кірпияз, тазалық деп есі кеткен әйел шығар”, “Бұл сол пәтердің иесі екені анық. Неге терезе жуатын мамандарды шақыртпаған”, “Терезенің тазалығы өмірден қымбат па?", "Терезелерім одан да кір боп тұрсын", – деді көпшілік.