Саясат

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма құрамы өзгерді

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстан қор биржасы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының басқарма құрамы өзгергенін мәлімдеді.

«Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ (Астана) Директорлар кеңесінің биылғы 3 мамырдағы шешімімен компания басқармасының құрамына мынадай өзгерістер енгізілді:

- шығарылды: Қайырденов А.К., Қарабаев Д.С;

- сайланды: Макеев Д.С., Арысова Д.А», - деп жазды ведомстводан.

Енгізілген өзгерістерден соң, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы тоғыз адамнан тұратынын атап өткен жөн. Олар: Мырзағалиев М.М, Абдулгафаров Д.Е, Закиров Б.К, Лавренов В.С, Брекешев С.А, Хасанов Д.К, Құдайбергенов К.М, Макеев Д.С, Арысова Д.А.