Спорт

Дулат Бекбауов Ташкенттегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ташкент қаласында бокстан ерлер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов күміс жүлдегер атанды.

Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджиевпен жекпе-жекке шыққан болатын.

Осыған дейін қарсыластар өзара бір рет кездесіп, ол кезде Дулат басымдық көрсеткен еді.

Бұл жолы алғашқы раундта өзбекстандық боксшының соққылары дәлірек тиді – 5:0. Екінші кезеңде бес төрешінің төртеуі А.Муйдинхуджиевке басымдық берді. Үшінші раундта Дулат Бекбауов алға ұмтылып баққанымен, кеш болды. Қорытынды есеп – 5:0, өзбекстандық спортшының пайдасына шешілді.

Қалған үш отандасымыз алтын жүлде үшін ертең таласады. Махмұд Сабырхан (54 кг) мен ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 кг) өзбекстандықтар Ойбек Джураев, Саиджамшид Джафаровпен, ал Нұрбек Оралбай (80 кг) қытайлық қандасымыз Тоқтарбек Таңатханмен рингке шығады.