Спорт

UFC басшысы Уайт: «Хабиб октагонға қыркүйекте оралады»

Қарсыласы әзірге белгісіз

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

UFC президенті Дэйна Уайт дағыстандық Хабиб Нурмагомедовтің октагонға 2019 жылдың қыркүйегінде оралатыны туралы мәлімдеді.

«Хабиб қыркүйекте оралады. Қазір онда дисквалификация, кейін Рамазан айы. Бұл айда ол жарысқа түспейді. Сондықтан қыркүйекте», – деді ол.

Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедовтың өзі де осы уақытта ораламын деген ақпарат берген болатын. Оның қарсыласы әзірге белгісіз.