Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Алматыда белгісіз ер адам балалардың көзінше әйелді ұрып-соқты. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіге жарияланды.
Видео астындағы жазбада оқиға Абай даңғылы мен Саин көшесінің қиылысы аумағында болғаны жазылған.
Қалалық полиция департаменті Әуезов аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны шағымданғанын хабарлады. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, 1992 жылы туған бейтаныс адам оны себепсіз ұрып-соққан.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 107-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жәбірленушінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.