Bugin

ҰБТ-ның алғашқы нәтижелері жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Тестілеу орталығы 40 000 талапкер тапсырған ҰБТ-2023 алғашқы нәтижелерін жариялады.

Шекті баллды үміткерлердің 76%-ы еңсерді. Ең жоғары балл -137, орташа балл 68 болды. Талапкерлердің 70 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы орыс тілінде, 50 адам ағылшын тілінде тест тапсырған.

Сонымен қатар ерекше білімдерін дәлелдегісі келетін  108  озат түлек қатысты.

50 мектеп оқушысы смартфонмен ұсталып, ҰБТ тапсыра алмай қалды. Ереже бұзған 39 адам тестілеуден шеттетілді.

Басқа біреудің орнына ҰБТ тапсыруға кірген адам анықталған жоқ.

«31 қазанға дейін емтихандағы бейнежазбаларды талдау жүргізіледі. Егер талапкердің шағымдары болса, тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Емтиханды сәтті тапсырғаны туралы сертификат апелляция бойынша шешім қабылданғаннан кейін оқышылардың  Жеке кабинетте қолжетімді болады», – делінген Орталық жариялаған хабарламада.