Bugin

Ақтөбе облысында бұзау іздеген балалар суға батып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ақтөбе облысында екі бала суға батып кетті.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға 27 мамырда Ырғыз ауданы Құрылыс ауылында болған.

Екі баланың Ырғыз өзеніне батып кеткені туралы ақпарат құтқарушыларға сағат 16:45-те түскен. Балалар бұзау іздеп үйден шығып, қайта оралмаған. Сағат 18:30-да балалардың бірінің денесі судан шығарылды.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 28 мамырда сағат 1:25-те суға батып кеткен екінші жасөспірімнің денесі табылған. Ол бес метр тереңдіктен шығарылғаны айтылды.