Әлем

Пәкістанда лай көшкіні адамдарды басып қалған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Пәкістанның солтүстігінде орын алған лай көшкіні кезінде кем дегенде 10 адам қаза тапты.

Тағы 25 адам жарақат алды. Лай көшкіні Шоунтер асуына жақын жерде құлаған. Шенеуніктердің айтуынша, іздестіру-құтқару жұмыстарына ауа райының қолайсыздығы мен оқиға орнының шалғайлығы кедергі келтіруде.

Құтқару қызметінің өкілі 35 адамнан тұратын топ Кашмирден қайтып келе жатқанын және шатқал маңында лагерьге қонғанын айтты. Сол түні оларды лай көшкіні басып қалған.

Бұған дейін Пәкістан азаматтары Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өткенін жазған болатынбыз.