Bugin

Қайрат Сатыбалдыны түрмеде «сындырып» жатыр ма?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ғаламторда экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалдыға колония қабырғасында физикалық қысым көрсетіліп, моральды тұрғыдан «сындырып» жатқаны туралы ақпарат тарады.

Хабарлама авторы «Қазақстан салафиттерінің көшбасшысы» деп атаған Назарбаевтың түрмедегі інісінің жанына екі тұтқынды орналастырған. Олардың басты тапсырмасы Қайрат Сатыбалдыға физикалық қысым көрсету, моральды тұрғыдан «сындыру». Хабарлама авторларының айтуынша, осындай әрекеттер арқылы Қайрат Сатыбалдының менмендігі мен тәкаппарлығын басу көзделген. 

«Кешке жанына жаңа тұтқындар камераға орналастырылған соң, ұлттық қауіпсіздіктің сотталған экс-генералы бірден колониядағы қоғамдық орындарды тазалаумен айналысты», - делінген хабарламада.

«Сотталған Сатыбалды Қ. қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысы бойынша түзеу мекемесінің №22 мекемесінде жалпы негізде жазасын өтеп жатыр. Басқа сотталғандарға қатысты мекеме әкімшілігіне және жоғары тұрған органдарға арыздармен жүгінбеген. Ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес, Сатыбалды Қ. басқа сотталғандармен бірге қамауда. Сотталғандар тарапынан Сатыбалды Қ.-ға қатысты заңсыз әрекеттер тіркелмеген. Бірқатар мекемелер сияқты бұл мекемеде де бейнебақылау жүйесі орнатылған», - деп хабарлады ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметі.