Саясат

Путиннің Тоқаевқа жолдаған жұмбақ хатында не айтылғаны белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Tengrinews.kz-ке Мәскеуде өткен ЕАЭО саммиті кезінде Ресей президенті Владимир Путиннің Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырған хатының мазмұнын айтты.

Ол хатта ресейлік тараптың ЕАЭО елдері басшыларының шағын құрамдағы кездесуінде қойылған сұраққа жауабы жазылған. Кездесуде қазақ компанияларының тауарларын Ресейдің ішкі тарифтері бойынша тасымалдау туралы мәселе айтылған еді. Осы мәселе бойынша Ресей өз ұстанымын жеткізді. Яғни, Ресей Үкіметі Қазақстан аумағында межелі пункті бар тауарлар жеңілдетілген тарифті пайдалана алады деп есептейді. Ал Ресей аумағы бойынша транзитпен жүретін тауарларға экспорттық тарифтер қолданылуға тиіс деп санайды.

Президент Үкіметке 2015 жылғы ЕАЭО құру туралы шарт қағидаттары негізінде осы мәселе бойынша Ресей тарапымен келіссөздерді жалғастыру туралы тапсырма берді, –  деді Руслан Желдібай Tengrinews.kz тілшісіне.

Еске сала кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Мәскеуде өткен ЕАЭО-ның саммитіне қатысып, бірнеше маңызды мәлімдеме жасаған болатын.