Bugin
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]«ҚР Мемлекеттік күзет қызметі туралы ережені бекіту туралы» ҚР Президентінің Жарлығына өзгеріс енгізілмек.
Ашық НҚА порталында жарияланған Жарлық жобасында жазылғандай, енді Мемлекеттік күзет қызметінің (МКҚ) басты функциясы қатарынан ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті алынып тасталмақ.
«Міндеттері - Қазақстан Республикасы Президентінің және басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету», - делінген жаңа редакцияда.
Құжатқа қосымша берілген түсіндірмеде МКҚ-ден Нұрсұлтан Назарбаевтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күші жойылуына байланысты алынып тасталып отырғаны көрсетілген.
Жарлық жобасы 14 маусымға дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Президентке жолданады.