Bugin

12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні деп жарияланды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Семей орманы» қорығында болған ірі өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты.

Сіздерге көңіл айту үшін арнайы келдім. Бұл – барша халқымыз үшін үлкен қайғы. Осы қиын сәтте шыдамды болыңыздар. Мен сіздердіңің қайғы-қасіреттеріңізге ортақпын. Мен Үкіметке сіздерге жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырдым. Үкіметке және жеке маған өтініштер болса, айтыңыздар, өтініштеріңізді білдіріңіздер. Әрине, біз олардың барлығын қанағаттандырамыз. Өкінішке орай, қаза тапқандарды қайтару мүмкін емес, бірақ өмір өтіп жатыр. Бірақ бір нәрсені нақты айтқым келеді, бұл қайғылы оқиғаға кінәлілер заң бойынша жауап береді. Осы дүйсенбіні ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын. Біз сіздермен бірге аза тұтамыз, есімдерін есте сақтаймыз! Мықты және сабырлы болуларыңызды сұраймын. Құқық қорғау органдары болсын, министрліктер болсын, барлық бағытта тиісті шаралар қабылданатын болады, - деді Мемлекет басшысы