БІЛІМ

Online vs Offline: Қайсысы тиімді?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бүгінде білім беру саласында оффлайн форматта оқытумен қатар онлайн форматы да қолданылып келеді. Әсіресе, пандемия кезінде әлем елдерінің көбісі онлайн оқыту форматында білім берді. Дегенмен әлі күнге дейін көпшілік екеуінің қайсысы тиімді деген сұраққа қарама-қарсы пікірде жауап береді. Бірі оқушы оқу ордасына барып білім алу керек деген ойды қолдаса, енді бірі қашықтан онлайн түрде оқығанды қолдайды. Бүгінгі мақалада оқу форматының қос түрінің де артықшылығына тоқталамыз.

Оффлайн оқу форматы

Оффлайн оқыту – жиі кездесетін оқу форматының бірі. Білім алушылар оқу ордасына барып, мұғалімнен тікелей дәріс алады. Мұндай дәстүрлі оқу кезінде оқушылар бір-бірімен қарым-қатынас құрады, командалық дағдылар қалыптасады. Балалар білім алудан өзге мұғалімнен және ортасынан тәлім-тәрбие мен болашақта тұлға болып қалыптасуына қажетті дүниелерді алады. Мұғалімдердің де оқушының табиғатын түсінуге, мінез-құлқын бақылауға мүмкіндігі туады. Сонымен қатар әр оқушымен жеке сөйлесіп, мәселелерін шешуге көмектесе алады.

Алайда оффлайн оқу форматында оқушылардың бәріне бірдей толыққанды білім жеткілікті түрде беріле бермейді. Барлық оқушы еркін ойын білдіре алмауы мүмкін. Оқушылар арасындағы өзара түсініспеушіліктерді өзгелер түсіне алмауы да әбден мүмкін.

Онлайн оқу форматы 

Білім беру форматының бұл түрінде бәрінің де ұтатыны – уақыт. Иә, мектепке баратын уақыт қысқарады. Сабаққа жиналу, жолға, тамаққа кететін шығындар да азаяды. Ал негізгісіне тоқталсақ, оқушылар білімді толыққанды оқып үйрене алады. Яғни, қолындағы гаджеттен өзіне керек сабақты қайталап оқи алады. Мұғалімдер де әр сабаққа ерекше әдіс-тәсілдер қолдана алады. Платформадағы аудио-видео тапсырмаларды жасауға арналған мүмкіндігін қолдана алады. Әрі түрлі презентация жасауға да уақыт жағынан ұтады.

Бүгінде елімізде онлайн білім беретін платформалар саны көбейіп келеді. Солардың алғашқыларының бірі әрі бірегейі – Daryn online платформасы. Мұнда мектеп пәндеріне арналған 370-тен аса курс бар. Оқушы қиындық тудырып жүрген сабақ бойынша білімін бекіте алады. Сондай-ақ 60-тан аса ҰБТ-ға және арнайы мектептерге түсуге дайындық сабақтары бар. Курстардағы әр бөлімінің ұзақтығы – 10 минут. Бұдан оқушы жалығып кетпейді әрі мұғалімдердің методикасы сабаққа деген ынтаны ашады.

Пәндерден өзге тілді, музыкалық аспаптарды, программалау тілдерін меңгеруге байланысты 50-ден аса сабақ бар. Тіпті осындай курсты түсіріп үйренем деушілерге де арнайы сабақтар бар.

Сонымен қатар платформада білім берушілер де назардан тыс қалмаған. Мұнда мұғалімдерге арналған пәндік және біліктілікті арттыруға қатысты олимпиадалар қарастырылған.

Онлайн және оффлайн білім беру форматына қатысты дау бітпесі анық. Дегенмен екі форматты қатар алып жүрсе, білім берудің сапасы артуы мүмкін. Мектепке барып, өз ортасында жүрген оқушы білімін бекіту үшін онлайн курстарды қолға алуға болады. Сонда бала жан-жақты әрі зияткер болып өсетіні анық.

Құндызай Өтеген