Bugin

Маңғыстауда жоғалып кеткен ер адам жайлы ақпарат белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Маңғыстауда үш күн бұрын жоғалып кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

1956 жылы туған Максим Ізбасаров 11 маусымда жоғалып кеткен. Ол Жетібай ауылындағы үйден белгісіз бағытта шығып, қайтып оралмаған. Lider.kz еріктілері мен Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жетібай ауылынан бірнеше шақырым жерде ер адамның денесін тапты.

Еріктілер хабарлағандай, 14 маусымда ер адам далада өлі күйінде табылған. Оның денесі елді мекеннен бес шақырым және Мешітбай зиратынан екі шақырым жерде жатқан. Мәйіттен зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.

Фото: lader.kz

Фото: lader.kz