Bugin

Алматы облысында білім бөлімінің есепшісі асылып қалған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алматы облысында аудандық білім бөлімінің есепшісі суицид жасады, деп хабарлайды Bugin.kz  порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, Жамбыл аудандық білім бөлімінің 43 жастағы қызметкерінің қайтыс болғаны туралы 7 маусымда белгілі болған.

"Аудандық полиция бөліміне 43 жастағы әйел асылып, өзіне қол жұмсағаны туралы хабарлама түсті", - деп түсіндірді ведомство.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.