Bugin

Тимур Құлыбаев Путиннің жарлығымен әзірленген көлік мініп жүр

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазақстандық кәсіпкер Тимур Құлыбаев автокөлік паркінің иесі болып шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы press.kz сайтына сілтеме жасап.

Кәсіпкерге тиесілі көліктердің ішінде 2021 жылы шыққан Aurus Senat лимузині ерекше көзге түсті. Әлемде мұндай көлікті иеленген 10 шақты ғана адам бар екені белгілі болды. Олардың қатарында Ресей президенті Владимир Путин, Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедов және Ресей Федерациясының бұрынғы басшысы Дмитрий Медведев бар. 

Оның үстіне «Aurus» маркалы автокөліктер тікелей Путиннің жарлығымен әзірлене бастады. 

Автокөліктің ерекшелігі - көлік жүргізуші мен жолаушыларды шабуылдан толықтай қорғайды. Автокөлікте оқ өткізбейтін әйнек, өрт сөндіру және газдан қорғау жүйелері жұмыс істейді. Сонымен қатар апаттық эвакуация үшін арнайы байланыс құралдары бар.