Психология

Қылмыскерлердің дарға асылар алдындағы соңғы сөздері

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Өлім алдында тұрған адамның соңғы сөзі оның әртүрлі эмоцияларын, ойлары мен сенімдерін көрсетеді. Кейбіреулер қылмысқа неге барғанын айтса, енді біреулері жақындарына жақсы көретіндерін, ал басқалары өкініштерін айтып жатады. Ал кей қылмыскерлер дарға асар алдында мағынасыз дүниемен де шектелуі ғажап емес.

Джордж Энгл

Фото: vs-t.ru

Фото: vs-t.ru

Қылмысы: 1886 жылы Чикагодағы Хаймаркет алаңында жарылыс ұйымдастырған. 1887 жылы 11 қарашада дарға асу арқылы өлім жазасына кесілді. 

Соңғы сөзі: “Анархия жасасын! Бұл менің өмірімдегі ең бақытты сәт”.

Тимоти Маквей

Фото: mixstuff.ru

Фото: mixstuff.ru

Қылмысы: терроризм актісі, Оклахома-Ситидегі әкімшілік ғимараттың жарылысын ұйымдастырған. 168 адам қайтыс болды. Жазасы 2001 жылы 11 маусымда өлімге әкелетін инъекция арқылы орындалды. 

Соңғы сөзі: “Мен тағдырымның иесімін. Мен өз жанымның капитанымын”.

Эйлин Уорнос

Фото: ашық дереккөз

Фото: ашық дереккөз

Қылмысы: 1989-1990 жылдар аралығында 7 адамды өлтіру. 2002 жылы 9 қазанда өлімге әкелетін инъекция арқылы өлу жазасына кесілді.

Соңғы сөзі: "Мен жардан секірдім және Исамен бірге Тәуелсіздік күні қайтатынымды айтқым келеді. Мен ораламын".

Роберт Харрис

Фото: mixstuff.ru

Фото: mixstuff.ru

Қылмысы: кісі өлтіру, адам ұрлау, тонау. 1992 жылы 21 сәуірде газ камерасында өлу жазасын алды.

Соңғы сөзі: «Кім ақымақ болды, кім дана болды, кім қайыршы болды, кім патша болды? Өлімнің алдында бай мен кедей бірдей".

Карл Панзрам

Фото: ашық дереккөз

Қылмысы: 20-дан астам адамды өлтіру, зорлау, тонау және өртеу. 1930 жылы 5 қыркүйекте өлім жазасына кесілді.

Соңғы сөзі: “Тез қозғалсаңшы, бейшара! Сен өйстіп жүргенде  мен біраз адамды өлтіріп үлгерер едім!”.