Bugin

Арман Давлетяров жаңа лауазымды қызметке тағайындалды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Танымал ресейлік шоу-бизнес өкілі, "Муз-ТВ" телеарнасының бұрынғы бас директоры Арман Давлетяров Президенттің Теле-радиокешені кеңесшісі болып тағайындалды.

Ол — Қазақстан Республикасының "Құрмет", Ресей Федерациясының "Достық" ордендерімен марапатталған.

Әлеуметтік желі оқырмандары оның 2022 жылы жазған жазбасын қызу талқылап жатыр.

"Мен — ресейлік қазақпын. Орынборда тудым және өстім. Ресейлік болғаныма мақтанамын! Осынау қиын шақта еліммен біргемін. Себебі Ресейді сүйемін",—деп жазған еді Давлетяров.

Көпшілік соғысты қолдайтын азаматтың  лауазымды қызметке тағайындалғанына қарсы.

"Соғыстан қаштыңыз ба, әлде кездейсоқ Қазақстанға деген махаббатыңыз ашылып кетті ме?", "Шетелдікті жайдан жай ұлттық арнаға қызметке тағайындау деген не сұмдық?", "Ақша табуға Қазақстанда жүргеніңіз белгілі. Еліңізге қайтыңыз",— деп жазды желі қолданушылары.