Bugin

Қазақстандықтар Құрбан айтта қалай демалады?

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Маусым айында қазақстандықтар қосымша демалыс алады. 2023 жылғы Құрбан айт 28 маусым, сәрсенбіге сәйкес келеді.

Қазақстанда Құрбан айттың бірінші күні  Еңбек кодексінің 84-бап, 5-тармағына сәйкес демалыс күні болып жарияланды. 

Бес күндік жұмыс кестесімен дүйсенбі – 26 маусым және сейсенбі – 27 маусым жұмыс күндері, 28 маусым – демалыс күні, 29, 30 маусым – жұмыс күндері.

Бұған дейін 2023 жылдың жазында қазақстандықтар 29 күн демалатыны хабарланған болатын. Биыл қазақстандықтар үшін шілденің бірінші сенбісі жұмыс күні болады. Елорда күні қазақстандықтар екі күн – 6, 7 шілдеде демалады. Бес күндік жұмыс істейтіндер үшін тағы екі демалыс күні қосылады - 8 және 9 шілде (сенбі және жексенбі). Алты күн жұмыс істейтіндерге бір демалыс күні (жексенбі) қосылады.

Тамыз айында Конституция күні сәрсенбіге сәйкес келеді және жаздың соңғы айында қосымша мереке болады. Жалпы бес күндік жұмыс аптасында тамызда тоғыз күн демалыс болады.