Өнім

Бүгін елдің бірнеше аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

21 маусымда еліміз аумағының басым бөлігі атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұдан бөлек, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарында, Қызылорда облысының батысында, шығысында, Павлодар облысының орталығында, Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, орталығында, Қостанай облысының оңтүстік жартысында өрт тұтанудың өте жоғары қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Алматы, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында өрт тұтанудың жоғары қаупі күтіледі.