Әлем
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]Қытайдың солтүстік-батысындағы мейрамханада жарылыс болып, 31 адам қаза тапты. Бұл туралы Bugin.kz порталы Синьхуа сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарылыс сәрсенбі күні кешке Иньчуань қаласындағы барбекю мейрамханасында болған.
"Мекеменің жұмыс аймағынан сұйытылған мұнай газының ағып кетуіне байланысты Иньчуань қаласының Синицын ауданындағы қарбалас көшеде сағат 20:40 шамасында жарылыс болды" делінген ақпаратта.
Нинся-хуй автономиялық ауданының ҚКП комитетінің мәліметі бойынша, жарылыстан 38 адам зардап шеккен. Оның 31-і көз жұмды. Қазіргі уақытта зардап шеккен басқа 7 адамға медициналық көмек көрсетіледі, олардың біреуі ауыр жағдайда.