Денсаулық

Безеуден қалай арылуға болады?

Ең бірінші ас мәзіріне ерекше мән беріңіз

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Безеуден арылу үшін бірі интернет желісінен масканың түрлісін жасайды, бірі арнайы дәрі-дәрмек қабылдайды. Алайда көп жағдайда адамдар оның кері әсерін алып жатады. Мұндай жағдайда не істеу керек? Назарларыңызға безеуден арылудың жолын ұсынамыз. 

Газдалған сусыннан аулақ болыңыз

Газдалған сусынды мүлдем ұмытыңыз. Бетіңіз таза болсын десеңіз, кемінде 8 стақан су ішуіңіз керек. Сорпа, тәтті сусындар таза судың орынын толыра алмайды.

Зәйтүн майы

Зәйтүн майының пайдасы зор. Оны біз жиі бет, шаш күтіміне арналған ингредиент ретінде атап жүрдік. Қандай тамақ жасасаңыз да, кәдімгі майдың орнына зәйтүнді қолданғаныңыз абзал. Салаттарды да зәйтүн майымен тұздауыңызға болады.

Көк шай

Көк шайдың бос радикалдардың көзін жоятын қасиеті бар. Сонымен қатар ол онкологиялық ауру мен қартаюдың алдын алуға көмектеседі.

Жаңғақ пен бидай

Терідегі жасушалардың қалыпты болуына бидай мен жаңғақ құрамындағы селен деген зат әсер етеді. Ол бұзылған жасушаларды қалыпқа келтірумен қатар, безеуді де емдейді. Сонымен қатар жаңғақ құрамындағы омега-3 пен әртүрлі майдың көмегімен бетіңіз жұмсарады.

Ет пен балық

Безеуді емдеу үшін ақуызға бай тағамдарды жеу керек. Ол теріні тазартады және дене сымбатына да әсер етеді.

 Мандарин

Мандариннің құрамында ісінуді басатын нобилетин мол. Ол теріні майлы ететін темірдің бөлінбеуін қадағалайды. Сонымен қатар асқазан қыжылы мен ішек инфекцияларының алдын алуға көмектеседі.

 Саумал

Саумал құрамында кератин, майлы қышқылдар, антиоксиданттар, минералдар, дәрумендер мен жасұнық мол. Бұлар ішек қызметіне жақсы әсер етіп, ағзадағы қоқысты шығарады.