Bugin

Сәкен Бибосынов халықаралық турнирде чемпион атанды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бокстан Elorda Cup халықаралық турнирінде Сәкен Бибосынов 51 келі салмақта чемпион атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бибосынов финалда қазақстандық тағы бір былғары қолғап шебері Кенже Мұратұлымен кездесті. Ол жекпе-жек барысында қарсыласынан мықты екенін көрсетті. Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Есеп - 5:0.

Сәкен Бибосынов 2020 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Ал 2021 жылы әлем чемпионы атанды.

Айта кетсек, бүгін халықаралық турнирде финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

Байрақты бәсекеде 10 елден 200-ден астам спортшы медальдар үшін таласуда. Олардың арасында Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Үндістан, Моңғолия және өзге де мемлекеттердің өкілдері бар.