Bugin

Қостанайда 4 күн бұрын жоғалып кеткен әйелдің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Полиция хабар-ошарсыз кеткен Қостанай облысы тұрғынының денесін тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы ІІМ телеграм арнасына сілтеме жасап.

58 жастағы әйел 30 маусымда үйінен шығып кеткен. Оның жоғалып кеткені туралы арызбен ағасы полицияға жүгінді. Полиция қызметкерлері, Қостанай облысы бойынша ТЖД, ҰҚК шеқара қызметі мен және еріктілермен бірлесіп дереу іздеуге кірісті.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аса ауыр қылмыс жасағаны туралы мойындаған күдікті ұсталды. Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде ол жоғалған әйелдің мәйітінің жерленген жерін көрсетті. ҚР ҚК-нің 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті сараптамалар тағайындалды" делінген хабарламада.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы тәртібіндегі басқа ақпарат жария етілмейді.

Естеріңізде болса, кеше Оралда баласын қоқысқа тастаған анаға үкім шыққанын жазған едік.