Bugin

Спорт саласына бөлінген 300 млн-ға жуық қаржы жымқырылған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қаржылық мониторинг агенттігі бұқаралық спортты дамытуға бөлінген қаржыны жымқыру бойынша 21 істі тергеп жатыр.

Агенттік атап өткендей, 2023 жылдың тек 6 айының өзінде дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға бөлінген мемлекет қаражатын жымқыру бойынша 21 іс тергеліп жатыр. Жалпы шығын көлемі – 269,3 миллион теңге.

Айта кетейік, ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, 2019-2023 жылдар аралығында спортты дамытуға шамамен 300 млрд теңге бөлінген.

Агенттік тауарлар мен қызметтерді жоғарылатылған бағамен сатып алу, қызмет көрсетудің нақты орындалмауы және басқа да бұзушылықтар бойынша талдау жүргізеді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде спортты дамытуға бөлінген бюджет қаражатының ұрлануына жағдай туғызатын себептерді анықтау және мұндай заң бұзушылықтардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жоспарланып отыр.