Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТүркістан облысында таудың басынан құлаған адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
3 шілдеде Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында 3 адамнан тұратын топ теңіз деңгейінен 4236 метр биіктікте орналасқан Сайрам шыңына шыққан. 1967 жылы туған ер адам таудың басынан түсіп келе жатқанда арқан үзіліп, турист мұз бойымен домалап, еңіске құлап кеткен.
5 шілдеде ауа-райының қолайсыздығына байланысты іздестіру жұмыстарын жаяу жүру арқылы да, авиатехниканы тартумен де жүргізуге мүмкіндік болмаған.
Құрылған штабтан оқиға орнына дейінгі жалпы арақашықтық 15 шақырым. Тау шатқалдарының тік орналасуына және табиғи кедергілердің көп болуына байланысты құтқару-іздестіру жұмыстары созылуы мүмкін.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61