Bugin

23 жастағы қыздың денесін бөлшектеп, балконға тастап кеткен күдікті ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ресейде 23 жастағы қызды өлтіріп, оның денесін бөшкеге салып, өзінің пәтерінің балконына қойып кеткен. Күдікке бірге тұрған жігіті ілінуде. 

23 жастағы Великий Новгород тұрғынының анасы қызының қоңырауларға жауап бермей, жоғалып кеткені туралы арызбен полицияға жүгінген. Тәртіп сақшылары оның пәтерін тінткен кезде көргендері тіпті тәжірибелі тергеушілерді де шошытты.

Бойжеткен тұрған пәтерде полицейлер балконнан темір бөшке тауып алған. Оның ішінде целлофанға оралған дене болған. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу органдары қылмыстық іс қозғады.

Белгілі болғандай, марқұм бұл пәтерде 23 жастағы жас жігітпен бірге тұрған. Қазір ол кісі өлтірді деген күдікке ілінді. Алайда полицейлер жігітті әлі таппай отыр.