Bugin

Алдағы 3 тәулікте еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Алдағы 3 тәулікте еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады.

Ауа температурасының артуына байланысты төтенше жағдайлар қызметі жоғары дайындық режиміне ауыстырылды.

Қазгидромет мамандарының болжамынша, Орталық пен Батыс Қазақстанда сынап бағаны 43 градусқа дейін көтеріледі. Ал шығыс пен оңтүстік аймақтарда бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Жел екпіні күшейеді. Астанада және бірнеше аймақта жоғары өрт қаупі бар деп ескерту жасады.