БІЛІМ

"Лекция, семинар, сессия": Студенттер жиі қолданатын сөздер

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Жоғары оқу орнына түскен әр студент бастапқыда студенттік өмірге бірден үйренісіп кетпейді. Кейін жиі қолданатын терминдер де алғашқыда таңсық болады. Bugin.kz порталы әрбір білім алушы білуге тиіс сөздер тізбегін ұсынады.

Аудитория – мектеп тілімен айтқанда қарапайым кабинет.

Лекция – бұл әр сабақтың ауызша түрі. Студент емес, ұстаз дәріс оқып, жаңа тақырыпты түсіндіреді.

Семинар – лекцияда айтылған тақырып пен тапсырмаға байланысты студент үй тапсырмасын көрсететін сабақ. Бұл жолы сөйлеу міндеті оқытушыға емес, студентке жүктеледі.

Рубежка – белгілі уақыт аралығындағы оқушының жинаған балын өлшейтін апта. Кейбір университеттерде 2 апта сайын болса, кейбірінде 3 апта аралығында болады. Тіпті, апта сайын "рубежка" тапсыратын факультеттер де бар.

Cтипендия - грантқа түскен студенттің ай сайын алатын "жалақысы". Рубежка мен сессияда жоғары балл жинамаған студент "жалақысынан" айырылып қалуы мүмкін.

Сессия – жылына екі мәрте болатын емтихандар легі. Рубежкада жиналған балл сессияға тікелей әсер етеді және сессия кезінде бөлек тапсырма орындау қажет болады. Барлық рубежка мен сессияда жинаған балдардың ортақ есебін шығарып, "стипендия", яғни шәкіртақы алу не алмау мәселесі анықталады.