Bugin

Сотталған бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектановтың үкімі өзгеріссіз қалды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляция алқасы экс-қорғаныс министрі Мұрат Бектановқа шыққан үкімді қайта қарап, шешім шығарды.

"Әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасының қаулысымен үкім өзгеріссіз қалды және заңды күшіне енді. Сотталған Мұрат Бектанов жазасын Абай облысының Семей қаласындағы ең жоғары қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейд", - делінген мамандандырылған ауданаралық әскери сотының ҚазАқпарат жолдаған сауалға берген жауабында.

Айта кетейік, 9 наурызда бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға сотталды.