Bugin

Түркістан облысында жоғалған 5 жасар қыз өлі табылды: күдікті ұсталған

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Түркістан облысында полицейлер бес жасар қызды өлтірді деген күдіктіні ұстады.

"Не молчи" қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында Түркістан облысының Сарыағаш ауданында бұрын сотталған ер адам 2018 жылы туған қызды өлтіріп, ұсталғанын хабарлады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысыты пікір білдірді.

"13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапты" делінген хабарламада.

Бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелген. Сараптама тағайындалып, соталды тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.

"Күдікті қамауға алынды. Барлық жағдай анықталып жатыр. Оқиға орнына Түркістан облысы ПД бастығы, облыс прокуроры, жедел тергеу тобы мен мен құзырлы органдар барды" делінген хабарламада.

Тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының жіті бақылауына алынды.