Bugin

"Дикий Арманның" оң қолы деп айыпталған Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ұсталды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Бүгін еліміздің ІІМнің баспасөз қызметі "Дикий Арман" бастаған қылмыстық топтың 80-нан астам мүшесі ұсталғанын мәлімдеді. Олардың ішінде белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі Нұржан Иманәлиев бар. 

Айтыскер ақынның өзі іске қатысы ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Сонымен қатар Нұржан Иманәлиевтің осы уақытқа дейін халықаралық іздеуде болғаны белгілі болды.

Нұржан Иманәлиевтің қамауда отырған Арман Жұмагелдиевпен тығыз байланыста екені көпшілікке белгілі. Оның әлеуметтік желідегі парақшасында соңғы жариялаған суретте Арман Жұмагелдиевпен бірге тұрғанын көруге болады. 

Еске салайық, "Дикий Арман" лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиев былтыр 7 қаңтарда ұсталған еді.

Кейін ҚР Бас прокуратурасы "Дикий Арманның" Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын мәлімдеді. Содан бері оны қамауда ұстау мерзімі тоқтаусыз ұзартылып келеді.