Bugin

5 жасар қыздың өлімі туралы тағы бір дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы 5 жасар қыздың өлімі туралы тың деректер шықты.

Түркістан қаласының мамандандырылған тергеу сотында Сарыағаштағы 5 жастағы қыздың өліміне кінәлі деп танылған күдіктіге қатысты Түркістан облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау жөніндегі өтінішхаты қаралды.

Тергеп-тексеру органы күдіктіге тағылған айыптардың аса ауыр қылмыстар санатына жататынын, бұған дейінде аса ауыр, ауыр санаттағы қылмыстарды жасағаны үшін сотты болғанын, оның бостандықта жүріп жәбірленушіге, куәларға қысым көрсету ықтималдылығын, істі объективті тергеп-тексеруге немесе сотта талқылауға кедергі келтіруі мүмкін екендігін көрсетіп, соттан күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялауды сұраған.

"Күдікті спирттік ішімдік ішкен. Мас халде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру мақсатында ойнап жүрген 5 жастағы қызды ауласына алдап алып кірген. "Тыңдау үшін жақсы ән қойып беремін"- деп ауласына кіргізіп алған соң, күш қолдану арқылы жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді қасақана жасаған. Одан әрі, аса ауыр қылмысын жасыру мақсатында жәбірленушіні асхана пышағымен көкірек торы мен іш-аумағынан бірнеше рет шаншылап-кескілеп өлтірген"-делінген Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соттың 2023 жылғы 15-шілдедегі қаулысымен күдіктіні 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы санкцияланды.