Bugin

Су басқан жер асты өткелінен 13 адамның мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Оңтүстік Кореяның орталығы Чонджу қаласында су басқан жер асты жолынан 13 адамның мәйіті табылды.

Сенбі күні өзеннің тасуы салдарынан су тасқыны жер асты жолына өтіп, көліктер мен автобустағы жолаушыларды басып қалған. Шенеуніктер 685 м (2247 фут) жер асты өткелінде қанша адам қалғанын әлі айтпады, бірақ 15 көлік бар екенін жеткізді.

Толассыз жауған жаңбырдан кем дегенде 39 адам қаза тапқан. 

Оңтүстік Кореяда сенбі күні шамамен 300 мм (11,8 дюйм) жауын жауған. Корея метеорологиялық қауымдастығының мәліметтері бойынша, елде әдетте жылына 1000 мм (39,4 дюйм) мен 1800 мм (70,9 дюйм) аралығында жаңбыр жауатын көрінеді.

Су тасқынынан зардап шеккен аудандарда түсірілген аэросуреттерде қоңыр лай мен тасқын суларының тереңдігі соншалық, тек шатырлардың төбелері ғана көрінеді.

Кореяның метеорологиялық басқармасы жаңбыр келесі аптаның сәрсенбісіне дейін жауады деп болжайды.