Спорт
Әділ болу деген жақсы ғой
Авторларды қолдау орталығы
[email protected]WBC тұжырымы бойынша суперауыр салмақтағы чемпион америкалық Деонтей Уайлдер (40-0-1, 39 КО), осы дәрежедегі тағы бір әлем чемпионы ағылшындық Энтони Джошуамен (22-0, 21 КО) жекпе-жекке шығудың міндетті шарты ретінде табыстың 50/50 болып бөлінуін айтты, – деп хабарлайды Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасыChampionat.comсайтына сілтеме жасап.
«Қарама-қарсы жақтың не істеп жатқанын білмей қалайша келіссөздер жүргізуге болады? Арамыздағы жекпе-жек қанша табыс әкелсе де, табысты тең етіп, әділетті бөлу керек. Мысалы, үш доллар болса, сен маған бір доллар беріп, қалғанын өзіңе алсаң. Бұл жағдайда менің стандарттарым төмендейді, мен бұны дұрыс деп санамаймын және тағы да қайталаймын: Джошуамен арамыздағы кездесу табыс 50/50 болып бөлінсе ғана жүзеге асады.
Мәселе белбеулерде емес. Мен әлемдегі ең көп талқыға ұшырайтын боксермын. Ең маңызды және ең үздік белбеу менде. Атағы шыққан боксшылардың бәрі, бұл белбеуге ие болған», – деген Уайлдердің сөздерін BoxingScene жеткізеді.
Естеріңізге сала кетейік, 33 жастағы Уайлдер WBC титулының иегері, ал 29 жастағы Джошуа WBA, IBF, WBO және IBO белбеулерінің иегері.