Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАлматыда үш баланың анасы өз-өзіне қол салды.
Бұл кезде үйде үлкендер болмаған. 7 жасар қызы "Анам өлді" деп терезеге айқай салған соң, көршілер дереу жедел жәрдем шақырған. 1994 жылғы әйел өмірге құштар, мейірімді, ақжарқын адам еді деп еске алады олар. Жақын араласқан құрбылары ол мұндай қадамға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кесірінен баруы мүмкін дейді. Айтуларынша, марқұм бұған дейін де бірнеше рет күйеуінен таяқ жеп жүргенін айтып шағымданған.
10 жылдан аса отасқан жолдасы бұған қандай да бір жауап айтудан бас тартты.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек ҚК-тің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізііміне тіркелген.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61