Bugin

Астанада бір күнде бес бала жоғалып кетті

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ұлттық ұлан 5573 әскери бөлімінің сарбаздары бір күнде бес баланы іздестіруге көмектесті.

19 шілде күні сағат 20:00 шамасында "Президент саябағындағы" патрульдік маршрутта бір әйел жоғалған екі баласын табу үшін ұландықтарға жүгінген. Анасы олардың белгілерін айтып, сыртқы киімдерін сипаттады.

Сонымен бірге, Д. есімді тұрғын өз ұлын таппай қалған. Ол аулада көзден таса болған ұлын өз бетінше іздеген, бірақ таба алмаған. Әскерилер дереу іске кірісіп, көп ұзамай жоғалған баланы тауып берді.

Сағат 20:20 шамасында "Триатлон" саябағындағы патрульдеу маршрутында Алматы ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқарып жүрген ұландық жасақ жылап отырған баланы көреді. Әңгіме барысында баланың адасып, ата-анасын таба алмағаны белгілі болды. 

Тағы бір оқиға Сарыарқа ауданында сағат 20:32-де тіркелді. Онда 5 жасар ұлын жоғалтқан әйел көмекке жүгінген.

Балалардың бәрі табылды және денсаулықтарына зиян келмегендігі анықталды.