Bugin

Каспий теңізінде жоғалып кеткен 3 қыздың жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Ақтауда үрмелі матраспен теңіз ортасына ағып кеткен үш қыз бір түннен кейін табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Бүгін таңғы сағат 6 шамасында "Қазтеңізкөлікфлоты" ЖШС "Сұңқар" кемесінің экипажы теңіз жағалауынан 22 шақырым қашықтықта 3 қызды құтқарды", - делінген баспасөз мәліметінде.

Қыздардың денсаулық жағдайы тұрақты, оларға медициналық көмек көрсетілген.

Еске салсақ, кеше Каспий теңізінде үрмелі матрасқа мінген үш қыз іздестіріліп, құтқару жұмыстарына тікұшақ та тартылды.

Ұсыныстар мен байланыс үшін

8 705 324 11 61