Bugin

Екібастұзда өртенген газ құю бекетінде жасөспірім жігіттің денесі табылды

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті Екібастұздың автогаз құю бекетіндегі өрт сөндірілгенін мәлімдеді.

Өрт салдарынан 17 жастағы жасөспірім қаза тапты. Жас жігіттің денесі жанармай құю станциясының цистернасының жанынан табылды. Марқұмның жеке басы анықталуда.

"26 шілдеде сағат 13:24-те Екібастұз қаласы Қонаев көшесі, 5-үйдің жанармай құю бекетінде төрт газ цистернасы жарылып, 40-қа жуық газ баллоны өртенді. Сағат 15:22-де су қоймасының жанынан жас жігіттің денесі табылды. Жеке тұлға анықталып жатыр", – деп хабарлады сәрсенбі күні Павлодар облысының Төтенше жағдайлар департаментінен.