ДАМУ

Ақшаны қалай жұмсау керек: 10 маңызды қағида

Авторларды қолдау орталығы

[email protected]

Қазіргі уақытта қаржыны дұрыс әрі тиімді жұмсау керек. Көп жағдайда біз бар ақшаны игере алмай, қарыз алып кетеміз. Сондықтан сізге қаржыға қатысты қысқа, қарапайым және түсінікті  ережелер ұсынамыз.

1. Алғаныңыздан аз жұмсаңыз

Қаржының негізгі ережесі - шығындарыңыз кірісіңізден аз болуы керек. "Бәрі жақсы болады" деп қарызға батып, несиемен өмір сүре бересіз бе? Есіңізде болсын: сізге несие беретін адамдарда ғана бәрі жақсы болады. Ал сіздің жағдайыңыз ше? 

2. Ақша ұстау жағын жеңілдетіңіз

Несие карталары неғұрлым көп болса, соғұрлым ақшаның қайда кетіп жатқанын байқамай қаласыз. Депозиттер мен шоттардың саны артқан сайын оларды бақылау оңай болмайды. Ақша ұстау жағы күрделі болса, көп уақыт пен күш кетеді. 

3. Болашаққа қатты сенім артпаңыз

Төлеп тастай аламын деген оймен қымбат дүниелерді несиеге сатып алуға асықпаңыз. Кейін бұл шешіміңізге өкініп қалуыңыз мүмкін. Өйткені алдағы уақытта сіздің жалақыңыз қысқарса немесе жұмысыңыздан айырылсаңыз, қалай қиын боларын ойлаңыз.

4. Ақшаны дұрыс жұмсауды қазірден бастаңыз

1-қадам: Төтенше жағдайлар үшін қорға ақша жинаңыз. Банктегі ақшаны аламын деп уақыт құртпас үшін қолма-қол ақша ұстаңыз. Ай сайын табысыңыздың белгілі бір пайызын үнемдеңіз. Мысалы, 10% немесе 15%. Бұл қаржы менеджментінің бірінші ережесіне сәйкес келеді. Бір жылдан кейін қордағы ақшаның бір бөлігін пайдалана берсеңіз болады.

2-қадам: Пайызы көп қарыздан құтылыңыз. Қарыздарыңызды сұрыптап, ең жоғары пайызды таңдаңыз. Содан кейін бұл қарызды екі есе жылдам төлей бастаңыз. Мұны қарыз өтелгенше ай сайын жасаңыз. 

5. Бюджетті дұрыс бөліңіз

Ақылды адам бюджетті қалай жоспарлайды? Ол өткен айлардағы шығындар статистикасына қарап бюджетін реттейді. Болжамдарға емес, нақты шығындар статистикасына сүйенген дұрыс.

6. Нақты табысыңызды есептеңіз

Нақты табысты есептеу үшін күнделікті жұмсайтын барлық шығындарды алып тастаңыз. Қалған қаражатты жұмыс уақытының нақты санына бөліңіз. Осылайша, бір сағат жұмыс істегеніңіз үшін қанша ақша алатыныңызды білесіз.

7. Кез келген зат сатып аларда табысыңызды ескеріңіз

Жаңа зат сатып аларда өзіңізге "Үлкен теледидар керек пе? Мүмкін кішісін алған дұрыс шығар?" деген сұрақтар қойыңыз. Осылайша маңызды дүниеге ғана ақша жұмсауды үйренесіз.

8. Көлігіңізді жақсы ұстаңыз

Біз ақшаны үнемдеу туралы айтып отырғандықтан, жылдамдыққа байланысты айыппұлдар мен жанармай шығыны туралы ұмытпаңыз. Көлігіңізді күтіп ұстаңыз, бұзылған жағдайда бірден жөндеуге кірісіңіз. Жылдамдықты арттырмай, жол ережесін сақтаңыз. Сонда артық шығын шығармайсыз.

9. Коммуналдық төлемдер

Су, газ, электр энергиясының ақысын уақытылы төлеңіз. Сондай-ақ осы энергияны үнемдейтін шамдарды сатып алыңыз. Олар шынымен сіздің электр төлемдеріңізді азайтады.

10. Үлкен мақсат қойыңыз

Қалауыңыз не? Бұл ақшаның бәрі не үшін керек? Қиын сұрақ болғанымен, сіз үшін ең күшті мотиватор бола алады. Сонымен қатар өмірдегі дұрыс жолдарды көрсетіп, қиындықтан шығуға көмектеседі. Жұмыстан шыққыңыз келе ме? Өз бизнесіңізді ашқыңыз келе ме? Әлем бойынша саяхат жасағыңыз келіп жүрген шығар? Не болса да, мақсатыңызды ұмытпаңыз. Олар қалаған нәтижеге жетер жолда дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.